| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Нұсқаулық |
"Беске дейін үлгер" мобильді қосымшасын (Халықаралық атауы — Thrive by Five) ҚР Білім министрлігі Сидней ақыл-ой және ми университетінің нейробиологиялық зерттеулері негізінде Minderoo австралиялық қайырымдылық қорымен бірлесіп әзірлеген және еліміздің қажеттіліктері мен контекстіне бейімделген.
Мобильді қосымша үйде балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға денсаулық пен тамақтану, тәрбие беру, шығармашылық және коммуникативтік дағдыларды дамыту, ойындар мен қарым-қатынастар бойынша оңай қол жетімді қысқа практикалық әрекеттерді ұсынады. Контент қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 10 бағыт бойынша балалармен сабақ өткізуге арналған 120 идеяны ұсынады.
Қосымша 4 өңірде (Абай облысы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстары) сынақтан өтті, ата-аналардың, педагогтар мен сарапшылардың оң пікірлерін алды. Қазіргі уақытта мобильді қосымша ата-аналарға кеңес беру пункттері, мектепке дейінгі ұйымдар және басқа да қол жетімді тәсілдер арқылы бүкіл ел бойынша масштабталады.
Қолданба тегін және оны AppStore және Play Market қолданбалар дүкенінен Ұялы телефоннан жүктеп алуға болады.
"Беске дейін үлгер"деген не? "Беске дейін үлгер" мобильді қосымшасы








