Құрметті, достар!!!
«Ивушка» балабақшасы – «Бақытты балалық шақ аралы»!
Сіздің балаларыңыз құрдастарының ортасындағы білім әлеміне, ойындар мен жаңалықтарға енеді, ал оларды осы қызықты саяхатта өз ісіне ғашық педагогтар ертіп жүреді, олар баланы түсіне алады, оған өзі болуға, өзін жеке тұлға ретінде сезінуге және мектепке сапалы дайындалуына көмектесе алады.
Балабақша тәрбиеленушілері халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық байқауларда өздерінің білімдері мен іскерліктерін көрсетеді. «ПОНИ», «Үркер», «Адам және табиғат», «Робототехника» зияткерлік байқауларының бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.
Педагогикалық ұжым біздің тәрбиеленушілеріміздің балалық шағын қызықты, ұмытылмас және жарқын ету үшін мектепке дейінгі білім берудің әртүрлі бағыттарында бірегей, тынымсыз жұмыс жасайды.
Медициналық қызмет салауатты өмір салтын ұстанушыларды тәрбиелеу мен суық тию ауруларының алдын алу процесіне жетекшілік етуді қамтамасыз етеді.
Біз сізді күтеміз!!!








